- Advertisement -

Педагогтер өңіраралық форумда бас қосты

29

- Advertisement -

Облыс орталығында 300 педагог бас қосқан «Жаңару жаршысы-2023» атты жеке мектептердің ІV өңіраралық форумы өтті. Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының жетекші мектептерінің педагогтері, облыстық, аудандық оқу-әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз, Талдықорған, Қызылорда, Шымкент қаласындағы филиалының қызметкерлері қатысқан форумда «Жетекші мектептердің кәсіби қоғамдастықтарының табысты тәжірибесі» атты көрме ұйымдастырылды.

Өңіраралық форумның «Жетекші мектеп: табыстылық траекториясы» тақырыбындағы пленарлық бөлімінде педагогтер жаңашыл идеяларымен бөлісті. Форум жұмысы түрлі өңірден келген педагогтердің іс-тәжірибе алмасуына бағытталған территориялық отырыстармен жалғасты.

Сондай-ақ, форум аясында «Өзгерістерді басқару: механизмдер, құралдар, ресурстар» тақырыбында жетекші мектеп басшыларымен нетворкинг жұмысы және «Педагогикалық қоғамдастық: мәселелер мен шешімдер» тақырыбында питч-сессия ұйымдастырылды.

«Жаңару жаршысы-2023» жетекші мектептердің ІV өңіраралық форумының жұмысы қатысушылардың «Форум барометрі» кері байланысымен қорытындыланды.

 

«Aq-jol»-Aqparat.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support