- Advertisement -

ҚАЖ қызметкерлері балаларды қуантты

129

- Advertisement -

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Айтулы мереке қарсаңында өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің қызметкерлері облыс орталығындағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларға арналған орталыққа арнайы барып, ондағы тәрбиеленушілерге тәтті үлестірді.

Тәртіп сақшылары бұл күні бүлдіршіндерге мерелік көңіл-күй сыйлап, олар үшін арнайы әзірленген тағамдарды тарту етті.

— Мерекеге орай балаларды қуантуды ұйғардық. Әріптестерімізбен бірге шама-шарқымыз жеткенше тәтті тағамдар алып, орталықтың тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тараттық. Орталық қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, мұндағы тәрбиеленуші бүлдіршіндердің тезірек отбасыларын тауып, ең бақытты балалар болып өсуіне тілектестік білдірдік. Әрбір бала бақытты болуға лайықты, — дейді №26 түзеу мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Нұржан Кузембаев.

Айта кетейік, аталған мекеме қызметкерлері бұған дейін де дәл осы сипаттағы игі іс-шаралардың басы-қасынан табылып жүр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support