- Advertisement -

Облыс әкімі «Жуалы-2023» тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанатына қатысты

92

- Advertisement -

Облыстың аумақтық қорғанысын дайындау мақсатында үстіміздегі жылдың 22-29 сәуір аралығында Жуалы ауданының аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тіркелген әскери міндеттілермен (барлығы 100 адам), тексеру жиыны өтті.

«Қуатты  Армия» — Жаңа Қазақстан. «Жуалы-2023» тактикалық оқу – жаттығуының жабылу шарасына Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, «Оңтүстік» өңірлік  қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы  Мереке Көшекбаев қатысты.

Айта кетейік, тексеру жиыны барысында, әскери міндеттілер бір апта көлемінде, әскери дайындық сабақтарынан өтіп, бүгінгі күні арнайы тактикалық оқу жаттығуда аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тапсырылған нысандарды күзету және қорғау, қарсыластың диверсиялық-барлау топтарымен күресті ұйымдастыру бойынша дайындықтарын жетілдіріп, тәжірибе алмасты.

Аймақ басшысы алдымен 91768 әскери бөлімінің «Теріс-Ащыбұлақ» полигонында әскери қару-жарақтардың және жас сарбаздар мен әскери міндеттілердің дайындығымен танысты. Сондай-ақ, «Жуалы-2023» тексеру жиынының әскери міндеттілермен өткізілген арнайы тактикалық оқу-жаттығуларын көрді.

— Мемлекет аумақтық қорғаныс әскерлерінің дайындығы мен материалдық-техникалық жабдықтармен толығымен қамтамасыз ету мәселелерін басты назарда ұстауда. Бұл бағыттағы жұмыстар облыста да жоспарлы түрде атқарылуда. Облыстық бюджеттен аумақтық қорғаныс бригадасының материалдық-техникалық құралдарын сатып алуға және оқу-жаттығуларды өткізуге 2023 жылы 500 миллион теңге қаралды.

Еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету — бүкілхалықтық іс. Ол үшін жастардың бойында өз еліне деген патриоттық сезім, Отанына деген сүйіспеншілік, еліміздің қауіпсіздігі мен қарқынды дамуына деген жауапкершілікті сезіну секілді қасиеттерді қалыптастыра отырып, бұл жұмыстарды әрі-қарай жандандыруымыз қажет.

Облыстағы аумақтық қорғаныс әскерлерінің оқу жаттығу жиынына қатысып, біліктіліктеріңізді арттырып, жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізгендеріңізге алғыс білдіре отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.

Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгі болсын,-деді Нұржан Нұржігітов.

Өз кезегінде «Оңтүстік» өңірлік  қолбасшылығы  әскерінің қолбасшысы Мереке Көшекбаев та оқу-жаттығудың сәтті өткенімен құттықтады.

Сондай-ақ, тексеру жиынына атсалысқан бірқатар азаматар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Нұржан Нұржігітов полигонның байланыс торабы, жатын орны, медициналық пункті мен асханасының жай-күйімен танысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support