- Advertisement -

Жомарт түлектермен жылы жүздесу

48

- Advertisement -

Облысымызда қолға алынған «Жомарт түлек» жобасының нәтижесінде түрлі салада еңбек етіп жүрген әрбір түлек сүйікті мектебімен қауышып, білім алған ұясын, өскен өңірін түлетуге үлес қосуы құптарлық іс. Жыл өткен сайын білім ошағынан түлеп ұшқан түлектер өмірден өз орындарын тауып, ел дамуына үлестерін қосуда.

Байзақ ауданы, Дихан ауылының №2 орта мектебінде де «Жомарт түлек» жобасы аясында «Мамандық жауапкершілігі» форумы өтті. Форумға мектеп түлектері – Қазақ су шаруашылығы институтының бас директоры, академик, Тараз қаласының Құрметті азаматы Нұрлан Балғабаев, полиция подполковниктері Болат Төлтаев, Досмырза Алашбаев, Жәнібек Сүлейменов, өрт сөндіру қызметкері, майор Еркін Бейсембаев, жеке кәсіпкер Ерік Шерметов қатысты.

Форумға келген түлектерді мектептің домбыра оркестрі қарсы алды. Форумды ашқан мектеп директоры Гүлнар Ерханова іс-шара мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыра отырып, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру екендігін айтып өтті.

Келесі кезекте сөз алған академик Нұрлан Балғабаев жаһандану дәуірінде сұранысқа ие кәсіптер, мамандық таңдауда қателікке жол бермеу, әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай таңдау жасау қажеттігін айтты. Подполковник Досмырза Алашбаев оқушыларды патриоттық тәрбие мен имандылықты ұштастыра тәрбиелеу керек деген ой-пікірін білдірді. Ал, майор Еркін Бейсембаев пен подполковник Жәнібек Сүлейменов өз қызметтеріндегі бастарынан кешкен оқиғаларымен бөлісті. Жеке кәсіпкер Ерік Шерметов болса, жастар жасандылықты ұнатпайтынын айтып өтіп, әрбіріміздің басты міндетіміз – елге қызмет ету екендігін жеткізді.

Кездесу оқушыларға қатты ұнады, себебі керемет сұхбат болды. Оқушылар да сауатты, ұтқыр ойларымен бөлісті. Форумда айтылған әрбір ақпаратты алдағы уақытта әркім өз қажеттілігіне жарататыны анық.

 

Шарипа БАЛҒАБАЕВА,

№2 орта мектеп директорының ғылыми- әдістеме жөніндегі орынбасары.

Байзақ ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support