- Advertisement -

Құрылыс заттарын ұрлаған алматылық ұсталды

81

- Advertisement -

Тараз қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына 35 жастағы қала тұрғынынан шағым түседі. Ол өз сөзінде шаһардағы шағынаудандардың бірінде орналасқан құрылыс дүңгіршегінен электрлік құрал-саймандардың ұрланғанын хабарлайды. Жалпы, келтірілген шығын көлемі – 350 мың теңге.

Жедел іске кіріскен полиция қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында 33 жастағы Алматы облысының тұрғынын ұстады. Күдіктінің айтуынша, ол құрылыс құралдарын төмен бағада өткеріп, ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсамақ болған. Қазіргі таңда күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 188-бабы 3-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support