11 миллион теңге шығын келтірген

11 миллион теңге шығын келтірген
ашық дереккөз
11 миллион теңге шығын келтірген
Меркі аудандық полиция бөліміне 40 жастағы жергілікті тұрғын алаяққа алданғаны туралы шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша, өткен жылдың шілде айында таныс адамы «Toyota Hilux» маркалы автокөлікті нарықтағы құнынан төмен бағада сатып алуға көмектесуге уәде беріп, одан 11 743 700 теңге алған. Алайда, 9 айдан кейін уәде етілген көлікті де, ақшаны да алмағандығын айтты. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алаяқтыққа қатысы бар деген күдiкпен облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен (ірі көлемде жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.  

Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ

Ұқсас жаңалықтар