«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жамбылда жазасын өтеушілер дәстүрлі спорт түрлерінен сынға түсті

Жамбылда жазасын өтеушілер дәстүрлі спорт түрлерінен сынға түсті
ашық дереккөз
Жамбылда жазасын өтеушілер дәстүрлі спорт түрлерінен сынға түсті
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесіне орай жазасын өтеушілердің арасында спорттық іс-шара өтті. Бұл күні сотталған азаматтар арқан тарту, қол күресі және асық ату ойындарынан өзара бақ сынасты. Олар жарыс барысында жақсы нәтижеге көрсетуге ұмтылып, белсенділік танытты. №26 түзеу мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Бағдат Байтуреев Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында сотталғандар азаматтардың қатысуымен спорттық-мәдени іс-шаралар кеңінен ұйымдастырылып жатқанын атап өтті. - Арнайы контингент өкілдері қоғамға бейімдеуде мәдени және спорттық іс-шаралардың алар орны ерекше. Бұған дейін мекеме ішінде өткен барлық шараларға қатысуда сотты болғандар белсенділік танытып келді. Ал, әз-Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған бүгінгі жарыста жазасын өтеушілер ерекше ықылас танытты. Дәстүрлі спорт түрлерінен сынға түскен олар жеңіске жету жолында алдарына жан салмады. Қателеспейтін пенде болмайды. Біздің міндетіміз – жазаға басқандарға жол көрсету, қоғамға қайта бейімдеу, - деді Б.Байтуреев. Сайыс соңында барлық қатысушылар марапатталып, сый-сияпат табыс етілді.

Ұқсас жаңалықтар