- Advertisement -

Көпшіліктің ұсынысына назар аударылады

32

- Advertisement -

Т.Рысқұлов ауданында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясындағы іс- шаралар жалғасын тапты. Бұл күндері «Этнос және конфессияаралық келісім» жұмысшы тобының мүшелері Жаңатұрмыс ауылындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепте мұғалімдер мен оқушылармен кездесті. Сондай-ақ, облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілдері қоғамдық қабылдау өткізді.

Мұндай кездесулер Құлан, Луговой, Көгершін ауылдарында да өтті. Жиында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт, тілдерді дамыту басқармаларының өкілдері өз ойларын ортаға салып, көпшіліктің талап-тілегіне құлақ асты. Бір байқағанымыз, аталған ауданда соңғы жылдары суицид дерегі тіркелмеген. Бұл барлық жауапты мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың бірлесіп атқарған жұмыстарының жемісі.

«Әлеуметтік тұрмыстық мәселелерді шешу және бизнесті дамыту» мәселелері бойынша да облыс әкімдігінің білім басқармасы, ветеринария, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері бірнеше ауылда кездесулер ұйымдастырды. Аталған жиындарда қарапайым тұрғындар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарды қойып, өзекті мәселелерді көтерді.

Құқық қорғау саласының өкілдері де бірнеше ауылдық округте кездесулер өткізіп, тәртіп мәселесін ерекше назарда ұстады. Тұрғындар құқықтарының қорғалуы, мал ұрлығын болдырмау жөнінде мәселелері қозғалды. Жиында соңғы жылдары мал ұрлығының азайғаны да айтылды.

Соңынан аудан әкімдігінде «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясындағы екі күндік іс-шараның қорытынды жиыны өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев ашып, екі күн бойы жемісті жұмыс жүргізілгенін, іс-шара бірнеше ауылдық округтерді қамтығанын, тұрғындар талап-тілегін ашық айтуға мүмкіндік алғанын жеткізді. Сондай-ақ, қорытынды жиында облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сержан Қуанышов түйінді сөз сөйледі. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жұмыс істеп, талай нәтижелі кездесулер өткенін айтты.

Атап өтерлігі, «Екі күнде аудан аумағындағы бірнеше ауылда өткен кездесулерде тұрғындар 23 мәселе көтерді. Оның барлығы да өзекті. Оның ішінде Луговой өткеліне көпір салу, Құлан ауылдық орталық стадионын күрделі жөндеуден өткізу, аудан аумағына бассейн салу мәселесі секілді ұсыныстар да бар. Біз ол ұсыныстың барлығын жазып алдық. Енді облыс әкімдігіне ұсыныс айтып, оның оң шешілуіне ықпал ететін боламыз. Бұл жиындардың маңыздылығы да осы тілектердің жүзеге асуында.

Алдағы уақытта да мұндай кездесулер жалғасын табады. Қарапайым тұрғындардың ұсыныс-тілектері қашанда маңызды. Тұрғындар тілегі қашанда назарымызда болады. Екі күн бойы жұмыс атқарған бірнеше басқарма, құқық қорғау өкілдеріне, «Қоғамдық келісім» мекемесіне көп рақмет. Алда да істеріміз жемісті бола берсін», деді ол.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев қорытындылап, барлық қонақтарға алғысын айтып, тұрғындардың тілегі назарда екенін тағы да атап өтті.

 

 Есет ДОСАЛЫ

Т.Рысқұлов ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support