- Advertisement -

Құқық қорғау органдары бірлесе жұмыс істеуде

214

- Advertisement -

Бүгінгі таңда Қылмыстық-атқару жүйесі саласының қызметкерлері өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс атқаруда. Мәселен, олар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен тығыз қарым- қатынас орнатқан. Ондағы мақсат – ел ішіндегі қауіпсіздікті сақтау әрі жұрт тыныштығын бұзбау.

Жуырда Тараздағы №26 түзеу мекемесінен Қырғыз елінің азаматы жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шыққан. Көршілес мемлекеттің 1994 жылы туылған азаматы біздің елдің шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін сот шешімімен бас бостандығынан айырылған екен.

Түзеу мекемесінің қызметкерлері жазасын өтеген ер адамды өз еліне депортациялау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдеріне тапсырған. Енді бұл жұмыстың нүктесін әрі қарай осы органның өкілдері қоймақ.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support