- Advertisement -

Түлектер тартуы көпке үлгі

97

- Advertisement -

Егемен еліміздің болашағы мен бірлігін нығайту жолында білімнің алар орны ерекше. Білім ошақтарының көркеюіне ықпал етіп отырған – «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында пайда болған «Tylek KZ» жобасы. Аталмыш жоба барысында «Жомарт түлек» форумы өңіріміздің әр мектебінде түлектердің жомарттық қасиеттерін ғана емес, өз мектебіне деген сүйіспеншіліктерінің де артқанын айқындап отыр.

Осынау игі істен Жамбыл ауданындағы 90 жылдық тарихы бар Амангелді атындағы орта мектеп түлектері де қалыс қалмай келеді. Бұл – Қазақстанның Пәкістандағы, Түркиядағы елшісі қызметтерін атқарған саясаттану ғылымдарының докторы Бекжасар Нарбаев пен еліміздің бас газеті «Eqemen Qazaqstan» газетінде сүбелі еңбек етіп, түрлі лауазымды қызметтер атқарып жүрген Қуат Бораш сынды елімізге танымал тұлғалардың қанатын қатайтып ұшырған мектеп. Бүгінде білім ошағын бір кездері өзі о сы мектептен білім алған Нұрхат Жақсымбетов басқарып отыр.

Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, таудай болып шыққан түлектер атымтай жомарт пейілдерімен түлеп ұшқан ұяларына аянбай көмек беріп келеді. Мәселен, «Амангелді» өндірістік кооперативінің төрағасы Қасымхан Қанаев әр оқу жылы аяқталған сайын озат оқушыларды ынталандыру мақсатында қомақты көлемде шәкіртақы тағайындап, мектепке үлкен демеушілік көрсеткені қуантады. Ал, әскери салада қызмет атқарып жүрген генерал-майор Рысбек Көшербаев ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында мектептің екінші қабатындағы қабырғаға ұлы даланың табиғаты мен ұлттық аспабымыз – домбыраның суретін салдырып, дәстүріміздің даңқын асқақтатты.

Заң саласында қызмет атқарып жүрген Руслан Әлішев жас жеткіншектеріміздің елімізге, жерімізге деген патриоттық сезімін ояту мақсатында мектебіміздің бірінші қабатында орналасқан мемлекеттік рәміздер залын безендіріп, шахмат залын жасақтап, үлкен азаматтық танытты. Бұл шахмат залы бүгінде балалардың көз қуанышына айналды.

Сондай-ақ, мектебіміздің түлегі, жеке кәсіпкер Марат Жолшыбеков мектепте балалары оқитын әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үнемі қамқор болып, қаржылай қолдау көрсетіп отырса, Қанат Жарасов құлын-тайдай тебісіп өскен бақилық досы әрі кластасы Нұржан Нарбаевтың атынан үздік екі оқушыға 50 мың теңгеден арнайы стипендия тағайындап, нағыз достықтың ерен үлгісін көрсетіп келеді.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді мұндайда дана қазақ. Бұдан өзге де қаншама түлектеріміз келіп, мектебімізге жан-жақты қолдау қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жүр. Мұның бәрі ұстаздар қауымына үлкен қуаныш, жас өрендерге – өнеге.

 

Рахат САЙЛАУБАЕВА,

Амангелді атындағы орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі.

Жамбыл ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support