- Advertisement -

Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары бірлесіп жұмыс істеуі тиіс — Нұржан Нұржігітов

76

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровпен бірге Талас ауданы әкімдігінің активі және тұрғындарымен кездесу өткізді.

“Сенім маршруты” акциясы аясында ұйымдастырылған басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының басшылары да қатысты.

Шара барысында аудандағы құқық бұзушылықты болдырмау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және басқа да өзекті мәселелер қаралды.

Жиында алдымен облыс әкімі күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталса, облыс прокуроры “Сенім маршруты” акциясының мақсатын жеткізді.

Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков баяндама жасап, аудандағы жағдай, «Қауіп — қатерлер» картасы, діни ахуал, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы, этносаралық жағдай, жайылым жерлерді қайтару және өзге де мәселерге назар аудартты.

Жалпы, өткен жылы ауданда тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар 30,7 пайызға төмендеген.

Былтыр құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық бюджеттен 91,3 млн.теңге қаражат қарастырылып, 39 дана бейнекамералары орнатылған. Атап айтқанда Қаратау қаласына — 30 дана, Ойық ауылына – 3 дана, Ақкөл ауылына – 3 дана қойылды. Аталған бейнекамералардың барлығы аудандық ішкі істер бөлімнің кезекші бөліміне қосылған.

Сондай-ақ, аудан прокурорының міндетін атқарушы Нұрлан Нарбаев, аудандық ҰҚК бөлімшесінің басшысы Нұрлан Жанкадамов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Берік Назбекұлы Махамбетов есеп берді.

Нұрлан Нарбаевтың айтуынша, таластық 13 кәсіпкердің құқықтары қорғалып, әкімшілік айыппұлдар бойынша салынған 4 млн. теңгеден астам сомманың 3,3 млн. теңгесі өндірілген.

Өз кезегінде кәсіпкерлік өкілдері мен тұрғындар өзекті сауалдарын жолдап, жауаптар алды.

Бірқатар мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға облыс әкімі және облыс прокурорымен нақты тапсырмалар жүктелді.

Аймақ басшысы жергілікті атқарушы органдарымен құқық қорғау органдары бірлесіп, өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс істегенде ғана нақты нәтижеге қол жететінін баса айтты.

Әсіресе, еңбек жанжалдарын шешу, жайылым жерлерді қайтару секілді мәселелерде және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларында бірлескен жұмыстардың маңызы зор.

Сонымен қатар, облыс әкімі тұрғындарға сапалы қызмет көрсете отырып, мәдениеттілікке де баса назар аудару керектігін баса айтты.

Басқосу соңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support