- Advertisement -

Жеке тұлғалардың банкроттық туралы өтініштерін қабылдау басталды

56

- Advertisement -

Бүгіннен бастап жеке тұлғаның банкроттығын көздейтін заң нормалары күшіне енді.

Заңда борышкердің төлем қабілеттілігін әртүрлі тәсіл арқылы қалпына келтіру мүмкіндігі қарастырылған: соттан тыс банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімі.

Азаматтар өтінішті Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келмей-ақ, eGov.kz. электрондық үкімет порталы, сондай-ақ e-Salyq Azamat немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы бере алады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында банкроттық рәсімдерінің қолдану тәртібі жазылған, арнайы буклеттер орналасқан жекелеген аймақтар белгіленді.

Сағат 14:30 жағдай бойынша соттан тыс банкроттыққа 1087 өтініш келіп түсті (1020 – eGov, 67 – e-Salyq Azamat арқылы).

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support