- Advertisement -

Мемлекеттік қызмет: заңнамада қандай өзгеріс бар?

151

- Advertisement -

Еліміздің «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнамасына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Өзгерістің бірі – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 17-бабы, 4-тармағының екінші бөлігінде.

 

Енгізілген өзгеріске сәйкес, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам (орган) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптарының негізінде «уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу арқылы» бекітеді. Бұл ретте, аталған норма 2019 жылғы 26 қарашадағы енгізілген өзгерістермен алынып тасталып, мемлекеттік органдар тарапынан көптеген құқықбұзушылықтардың жол берілуіне байланысты 2022 жылдың 30 желтоқсандағы өзгерістермен қайта енгізген. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Лесбек Илебаев хабарлады.

–2022 жылдың 30 желтоқсанында «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 15-баптың 5-тармағымен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде жергілікті атқарушы органдарда, мәслихаттар аппаратында, ревизиялық комиссияларда, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде (астана мен оның аудандарындағы жергілікті атқарушы органдардан, мәслихат аппаратынан, ревизиялық комиссиялардан, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінен басқа) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады. Осы баптың 6 және 7-тармақтарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар бір жыл ішінде конкурс өткізілместен «Б» корпусының басшылық құрамға Агенттік тарапынан, орындаушылық құрамға Агенттіктің аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша тағайындау көзделген.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы 2022 жылдың 20 желтоқсандағы №1038 қаулысымен, «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына өзгерістер енгізілді. Яғни, аталған қаулымен мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидалары бекітілді, – деді Лесбек Құралбайұлы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support