- Advertisement -

Облыстағы жер қойнауын пайдалану барысы туралы

93

- Advertisement -

Облыста 2023 жылдың 1 қаңтарына қарағанда барлығы қолданыстағы 328 жер қойнауын пайдалану объектілері бар, оның ішінде:

Республикалық маңызды объектілер бойынша келісімшарттар саны – 49, лицензиялар саны – 102 (құзыретті орган – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі);

Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшарттар саны– 134, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша лицензиялар саны – 37, жол құрылысына арналған рұқсат саны –5, кен іздеушілікке арналған лицензия саны – 1.

Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарт міндеттемелерінің орындалуына тұрақты мониторинг жасалып, бақылауға алынған.

Сонымен қатар Жамбыл облысында жер қойнауын пайдалану саласына мониторинг жүргізуді және бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдармен (орталық және жергілікті атқарушы органдары) бірлесіп атқарылатын Іс-шаралар жоспары бекітілген.

Келісімшарт міндеттемелерінің орындалу қорытындысы бойынша жалпы инвестиция көлемі 96,6 млрд. теңгені (126%), әлеуметтік сала және жергілікті инфрақұрылымдарға бөлінген қаржы 922,8 млн. теңгені (115%), мамандарды оқыту және қайта даярлауға бөлінген қаржы 206,6 млн. теңгені (119%), салық түсімі 13,9 млрд. теңгені құрады (122%).

Кең таралған пайдалы қазбалар бөлігінде инвестиция (159%), әлеуметтік салаға төлем (114%), мамандарды оқыту (161%), салық төлемі (171%) өсті.

Келісімшарт міндеттемелерін тиісінше орындамаған жер қойнауын пайдаланушыларға бұзушылықты жою туралы хабарламалар жолданып отырады, нәтижесінде 6 келісімшарттың қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылды, 5 лицензия кері қайтарылды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде 15 қатты пайдалы қазбаларды барлау объектілері бойынша зерделеу жұмыстары қабылданды.

Кең таралған пайдалы қазбалар бөлігінде 10 жер қойнауы учаскелері бойынша жою жұмыстары қабылданды. 4 жер қойнауы учаскесін кері қайтару бойынша зерделеу актісі қабылданды.

Жоғарыда көрсетілген Іс-шара жоспарының басты бағыттарының бірі – кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің (жер қойнауын заңсыз пайдаланудың) жолын кесу. Бұл бағытты Жамбыл облысы Полиция департаментімен жұмыстар жүргізілуде, нәтижесінде атқарылған жұмыс нәтижесінде бағалы металдар мен асыл тастардың құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы бойынша 3 қылмыстық іс қозғалып, жер қойнауын заңсыз пайдалану бойынша 16 әкімшілік құқықбұзушылық деректері анықталды.

 

Г.ТАУПИШЕВА,

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат

пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support