- Advertisement -

Мамандығын мақтан еткен

88

- Advertisement -

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келгенде Байзақ ауданындағы Көктал орта мектебіне барған болатын. Аталған білім ошағы өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген. Президенттің бұл мектепке келуі мұнда еңбек ететін ұстаздар қауымы үшін үлкен мәртебе болды. Мектепті аралау кезінде Президент 4 «б» сыныбына кірген болатын. Осы сыныптың жетекшісі Айнұр Құранбекова бұл күтпеген жағдай болғанын айтады. Осы мектепте 1992 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Айнұрдың 30 жылдық еңбек өтілі бар. Өзі – педагог шебер санатының иегері.

– Әрине, әсер ерекше. Президенттің өзі мұғалімнің еңбегін жоғары қойып, бағалап, сәттілік тілеп тұрса, мұғалім үшін одан артық не керек! Оның үстіне оқушылар да ерекше әсер алды деп ойлаймын. Олар Президент келіп-кеткеннен кейін болған толқынысты сезімдерін әлі айтады. Тіпті алған әсерінен мақала жазғысы келгендері де бар. Ал әріптестерім мұндай бақ екінің бірінің басына қонбайтынын жеткізуде. Президент қарапайым кісі екен. Мүмкін сол қарапайымдылығы болар, ол кісіні биіктетіп тұрғаны. Шындығын айту керек, Президент келіп-кеткелі оқушылардың да сабаққа деген ынтасы артты деп ойлаймын, – дейді Айнұр Құранбекова.

Иә, бүгінде Көктал ауылының тұрғындары да мектеп ұстаздарын мақтаныш етеді. Сонымен қатар жаңадан пайдалануға берілген мектепте оқушылар үшін барлық жағдай жасалып отыр. Бұл да мемлекеттің білім саласына жеткілікті деңгейде көңіл бөліп отырғанының көрінісі.

 

Ерман ӘБДИЕВ

Байзақ ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support