- Advertisement -

Жамбылдықтарға 57,8 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды

104

- Advertisement -

Бүгін ауыл шаруашылығы өнімдерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Grand bazaar» сауда кешенінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Оған облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімдері жеткізілген.

Жәрмеңкеде жалпы құны 35,5 млн. теңгені құрайтын 57,8 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды.

Оның ішінде 18,2 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 3,0 тонна шұжық өнімдері, 4,8 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 3,4 тонна макарон өнімдері, 0,4 тонна тұз, 2,6 тонна балық, 6,0 тонна ұн, 2,6 тонна бал және 16,3 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.

Айта кетейік, жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде тауарлардың бағалары нарық бағаларынан 10-20 пайыз төмен болады.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support