- Advertisement -

Әкім уәдесін орындады, қаламақы қайта беріле бастады

199

- Advertisement -

Әкім уәдесін орындады, қаламақы қайта беріле бастады. Бұл туралы “Әулиеата медиа” ЖШС-ң бас директоры Оралхан Дәуіт әлеуметтік желіде хабарлады. 

Айтуынша, бұрынғылардан «Жақсы газет шығару үшін жақсы мақала жазу керек» деген сөз қалған. Жақсы мақала жазуға қаламақының ықпалы зор екені анық.

Міне, бүгін бес жылдық үзілістен кейін Жамбыл облыстық «Aq jol», «Знамя труда» және «Ar-ai» газеттерінің шығармашылық ұжымы алғаш рет қаламақы алып отыр.

Осы жылдар ішінде редакция басшылығы қаламақыны қайтарудың барлық жолдарын іздеді. Талай рет облыс әкімінің назарына қойды. Бірақ еш шешілмеді. «Онсыз да жалақы алып отырған журналистер не үшін қаламақы алуы тиіс?» деген тар түсініктен кейін сызылып кеткен қаламақы мәселесі бес жыл бойы әбден «жыр» болған еді.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов өткен жылдың соңында зиялы қауым өкілдерімен кездескенде осы мәселе тағы да көтеріліп, әкім уәде берген болатын.

Міне, Нұржан Молдиярұлы уәдесін орындады. Әкім айтты, істеді, қаламақы қайта оралды.
Бүгін «Aulieata-media» ЖШС-іне қарасты «Aq jol», «Знамя труда» және «Ar-ai» газеттерінің журналистері қаламақы алып, бір жырғап қалды.
Ұжымның қуанышында шек жоқ. Шынын айту керек, бес жылғы үзілістен кейін күдер үзіп те қойған еді.

Қаламақы төлеуді қайта тірілткен облыс басшысына мың алғыс!

Алла қаласа, енді алдағы уақытта қаламақының көлемін көтеру және белді авторларға да қаламақы қою мәселесі де қарастырылмақ.
Лайым, қуанышты күндеріміз көп болсын, — деп тілек білдірді бас директор Оралхан Дәуіт.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support