- Advertisement -

Қасым-Жомарт Тоқаев Байзақ ауданында жаңадан ашылған Көктал орта мектебіне барды

95

- Advertisement -

Қасым-Жомарт Тоқаев Байзақ ауданында жаңадан ашылған Көктал орта мектебіне барды, — деп хабарлайды Akorda.kz сайты.

Мектеп материалдық-техникалық жағынан толық жабдықталған: 32 оқу кабинеті, 4 компьютер кабинеті, 2 лингофон кабинеті, 1 роботтехника кабинеті, 1 спорт залы, шеберханасы, кітапханасы, медициналық пункті және асханасы бар.

Мектепте маңайдағы ауылдардан қатынап оқитын балалар үшін көлік тасымалы ұйымдастырылған. 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жамбыл облысында 9500 орындық 13 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның сегізі келесі жылы пайдалануға берілуге тиіс.

Жалпы, Президенттің тапсырмасымен 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында республика бойынша 800 мың оқушыға арналған 400-ден астам мектеп салынады.

 

Akorda.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support