Президент Байзақ ауданы Мырзатай ауылындағы «Әулие Ата Феникс» құс фабрикасына барды
Президент Байзақ ауданы Мырзатай ауылындағы «Әулие Ата Феникс» құс фабрикасын аралап көріп, кәсіпорынның цехтарымен және дайын өнімдерімен танысты, — деп хабарлайды Akorda.kz сайты.
Голланд технологиясымен 1 млн балапан өсіретін құс фабрикасында 250-ге жуық ауыл тұрғыны жұмыс істейді.
Кәсіпорын жыл сайын 8 мың тонна бройлер етін өндіреді, сондай-ақ өнім ішкі нарыққа жеткізіледі және Ресейге, Қырғызстанға экспортталады.
Биыл құс фабрикасының өндірістік қуатын 12 мың тоннаға дейін арттыру үшін жалпы құны 1,4 миллиард теңгені құрайтын 6 нысан салу жоспарланып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі құс шаруашылығының дамуы жөнінде мәлімет берілді.
Akorda.kz
Comments are closed.