- Advertisement -

Орманшыларды не алаңдатады?

129

- Advertisement -

Статистикаға сенсек, түзде жүретін орманшылардың айлығы аз. Шамамен 60-90 мың теңге алады. Сондықтан жастар жағы бұл мамандықты таңдай бермейді.

Бүгінде орманшылар мен бағбандардың басым бөлігі – орта жастан асқандар. Өкініштісі сол, орман шаруашылығы мамандарының саны жыл өткен сайын кеміп барады. Қорықшы мамандардан бөлек, орман ағаштарының биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, оны күтіп-баптаудың, өсірудің қыр-сырын білетін мамандар да жоқтың қасы.

Орманшылар ең алдымен осыған алаңдайды. Былтыр жылдың соңында депутаттар да осы мәселені ерекше атап өтіп, орманшылардың жалақысын бірден екі есеге көбейтуді ұсынды.

Сенатор Айгүл Қапбарова қызметкерлердің зейнетке шығуына байланысты білікті орман шаруашылығы мамандарының саны жыл сайын азайып бара жатқанын, ал жастар жалақының төмендігіне байланысты олардың орнына келгісі келмейтінін айтып алаңдап: «Саланың материалдық-техникалық базасын жаңарту үшін оларды нормативке сәйкестендіру үшін алдағы 3 жылда 100 пайыз қамтамасыз етуді облыстық және республикалық деңгейдегі барлық мекемелерде еңбек ететін мамандардың жалақысын кем дегенде екі есеге арттыруды көздейтін кешенді шаралар қабылдауды сұраймыз», – деген еді.

ТҮЙІН

Соңғы он жылдықта тірі ағза түрлерінің жер бетінен жоғалу шапшаңдығы эволюцияның табиғи жылдамдығынан бес мың есе жоғарылаған. Қызуы көмірден асып түсетін сексеуілдің сиреуі – осының дәлелі. Шөлейтті далада топырақты эрозиядан сақтайтын, құм төбелердің көшкінін тоқтататын сексеуіл алқаптарының көлемі соңғы жиырма жылда 4 есеге кеміпті. Әрбір тұрғын кіндік қаны тамған өңірдің табиғатына жанашырлық танытпайынша, бұл мәселенің түйіні тарқатылмас. Қолдағы барды бағаламаудан, үміт пен күдік араласқан алаң пайда болды. Ақындар айтқандай, «сексеуіл өскен даланың, ақ жауын күткен ұлдары» бұл қателікке қалай жол беріп отыр? «Шөл даланың падишасы» аталған сексеуілді неге селдіретіп алдық?

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support