- Advertisement -

Еліміз цифрлық саланы дамыту рейтингінде алға шықты

80

- Advertisement -

Азаматтарға электронды қызмет көрсету деңгейі бойынша Қазақстан әлемде 15-орында, ал электронды үкіметті дамыту бойынша 193 елдің ішінде 28-орында. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда бір позицияға жоғары. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдерінен басқа Ирландия, Канада, Италия, Бельгия, Чехия және басқа да бірқатар дамыған елдерді басып озған.

Азаматтардың электронды қатысу рейтингінде Қазақстанның 15-орынға ие болуы – бұл әлемдегі ең күшті көрсеткіштердің бірі деп санайды мамандар. Сарапшылардың пікірінше, бұл азаматтардың қоғамдық ақпаратқа қолжетімділігін және мемлекеттік саясатқа араласу деңгейін көрсетеді. Сондай-ақ азаматтардың бірлескен шешімдер қабылдау арқылы қызмет көрсету сапасын арттыруға қатысу мүмкіндігін арттырады.

 Қазақстан БҰҰ-ның ең «Цифрланған» отыз елінің бірі

2021 жылы Finprom.kz мәліметінше, 6 мен 74 жас аралығындағы ел тұрғындарының 92,9 пайызы интернеттің артықшылықтарын сенімді түрде пайдаланған. Сонымен қатар ауылдар мен қала тұрғындары үшін интернет қолжетімділігінің айырмашылығы небәрі 4 пайызды құраған.

Елімізде мобильді интернеттің жылдамдығы 2021 жылмен салыстырғанда 11,4 пайызға өскен. Мысалы, көршілес елдермен салыстырар болсақ, Қазақстанда 22,1 Мб/с, көрші Ресейде – 21,2 Мб/с, Қырғызстанда – 20,2 Мб/с.

EGOV.KZ порталы қосымшасында жаңа қызмет қолжетімді

Еліміздегі он мемлекеттік қызметтің тоғызы цифрландырылған, бүгінде оларды еGov.kz порталында немесе мобильді қосымша арқылы онлайн алуға болады. Өтініштер арқылы сіз зейнетақы активтерін, банк шоттарын, коммуналдық төлемдерді басқаруға, учаскелік дәрігердің қабылдауына, тағы да басқа қызметтерге үйде отырып-ақ қол жеткізе бересіз. Қызметтерді банктердің веб-сайттары мен қосымшалары арқылы пайдалануға болады. Сондай-ақ делдалдық қызметтер, өнеркәсіп, құрылыс, логистика саласындағы қызметтер де, тіпті кинотеатр мен театр билеттерін де онлайн сатып ала аласыз.

Мұнымен қоса, енді сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы ақпаратты eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасынан алуға болады. Қызмет онлайн режимінде қолжетімді және тегін көрсетіледі. Жаңа қызметтің көмегімен азаматтық қызметке кіру кезінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасу кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыстың болуы немесе болмауы туралы мәліметтер алуға болады.

Бұған дейін мәліметтерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті және оның өңірлік басқармалары азаматтардың жеке өтініштері бойынша «Е-otinish» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы алуға болатын.

Мәліметтер жұмыс берушіге ұсынылғаннан кейін жұмысқа қабылдау туралы шешімді жұмыс беруші қабылдайды. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуына жол берілмейді.

Бұл жаңартулар Қазақстан Республикасы Президентінің бюрократиядан арылту туралы Жарлығы шеңберінде жүзеге асырылғанын атап өткен жөн. Оның маңыздылығы – мемлекеттік басқарудың барлық салаларын цифрлық трансформациялау және жүйелі реинжинирингтеу.

eGov.kz порталында жаңа қызметті алу үшін пайдаланушылар:

– порталда авторланудан өту;

– басты бетте «Азаматтарға» – «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» – «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімін таңдау қажет;

– «Адамның сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы мәліметтер беру» қызметін таңдап, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу қажет;

– қызметке ЭЦҚ қою және алу.

Қызмет көрсету мерзімі –- 10 минут. Қосымша тексеру қажет болған жағдайда – 5 жұмыс күні. Аталған қызмет түрі eGov мобильді қосымшасының «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде қолжетімді. Мәліметтер eGov mobile-ге «Хабарландырулар» бөліміне жіберіледі.

 Жаңа жылдан бастап мобильді аударымдар бақылауға алынады

Әзірге бұл мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайының шотына түскен ақшаға қатысты. Ал екінші кезеңге квазимемлекеттік сала қызметкерлері ілігеді. 2025 жылы үшінші кезеңде жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бақыланса, 2026 жылдан бастап барлық қазақстандықтың ақшалай аударымы туралы мәлімет комитеттің қарауына түседі.

Егер айына бір шотқа жүзден астам аударым жасалса және осындай көрсеткіш үш ай қатарынан қайталанса, мемлекет кірістері комитеті жеке тұлғадан салық талап етуге құқылы.

 

 Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support