- Advertisement -

Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды

101

- Advertisement -

Өткен сенбіде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды.

«Сайлау туралы заңға сәйкес 2022 жылғы 24 желтоқсанда сағат 18.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу тоқтатылды.

Осылайша кандидаттар ертеңнен бастап сайлауалды үгіт-насихат жұмысына кіріседі. Үгіт-насихат 13 қаңтарға дейін жалғасады», – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында.

ОСК ұсынған мәліметке сәйкес, ел бойынша барлығы 66 кандидат тіркелді. Олардың орташа жасы – 51,8. Сенат депутаттығына үміткерлердің 69,7 пайызы – ер, 30,3 пайызы – әйел.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 14 қаңтарында еліміздің 20 өңірінен бір-бір Сенат депутатын сайлау өтеді. Сенат депутаттығына сайланатын әр кандидатқа бюджеттен 550 мың теңге қаражат бөлінді.

 

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support