- Advertisement -

Қоғам дертімен күресу – ортақ міндет

123

- Advertisement -

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыс бойынша департаменті 2022 жылғы қараша-желтоқсан айлары аралығында аудандық қоғамдық кеңес мүшелері және кәсіпкерлермен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын.

Осыған байланысты, аудан әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыс бойынша департаментінің басшылығы мен облыстық қоғамдық кеңестің заңдылық, құқық тәртібі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясы мүшелерінің бірлескен отырысы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Талғат Жамалов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Ербол Бақтықожаев, аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, бөлімдер, мекеме басшылары мен мамандары және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Жиынды аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Жұманғали Құмғанбаев ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіне Байзақ ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар туралы мәселе ұсынылды. Онда тиісті мемлекеттік органның құзіретіне жатқызылған мәселелерді және қоғамдық кеңестің азаматтық қоғаммен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен іс-қимыл жасау нәтижелері қаралды.

Аталған мәселе бойынша алдымен Ербол Жұмақадырұлы келесі бес жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітілгенін, ол жерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жекелеген құралдарын жетілдіру туралы көзделгенін жеткізсе, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының жетекшісі Назима Жұбандықова облыс, аудан, ауыл арасында құрылған қоғамдық бірлестіктердің бүгінгі таңдағы маңыздылығына, сонымен қатар тұрғындар тарапынан туындаған мәселелерді бірлесе жұмыс істеу арқылы шешімін табуға шақырды.

Жиында сөз алған аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Жұманғали Құмғанбаев, аудан әкімінің орынбасары Талғат Жамалов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жобаларын іске асыру бойынша жұмыстың сапалы және мерзімінде орындалу керектігіне тоқталды.

 

Арайлым ҚАСҚЫРБАЙҚЫЗЫ,

журналист.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support