Сотталғандардың денсаулығы – басты назарда

40

ҚАЖ мекемелерінде сотталғандардың денсаулығы – басты назарда. Бұл тұрғыда түзеу мекемелеріндегі медициналық-сауықтыру тобының қызметкерлері қажырлы еңбек етуде. Мұндағы ақ халаттылар әрбір жазасын өтеушінің денсаулығын жіті бақылап, профилактикалық жұмыстарды кешенді жүргізіп отырады.

Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтейтін сотталған азаматтар алғашқы күннен-ақ дәрігерлердің бақылауында болады. Олардың денсаулығында қандайда бір ақау болса, тез арада тиісті көмек беріледі. Сондай-ақ облыс орталығындағы өзге де емхана қызметкерлері де жабық мекемелерге жиі бас сұғып, алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

Мәселен, мекеме мен №1 қалалық емхана қызметкерлері арасында тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатылған.

Comments are closed.