- Advertisement -

«Бәсекелес ортаға берілетін ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 ақпандағы №38 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

59

- Advertisement -

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №933 және «Жекешелендірудің 2021- 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 тамыздағы №523 қаулысына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Бәсекелес ортаға берілетін ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 ақпандағы №38 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеровке жүктелсін.

Жамбыл облысының әкімі Н.Нұржігітов

Жобаны ұсынушы:

Жамбыл облысы әкімдігінің

қаржы басқармасының басшысы

Ж.Сапаралиев

Жамбыл облысы әкімдігінің

2022 жылғы «____» қыркүйектегі

№____қаулысына 1-қосымша

Бәсекелес ортаға берілетін коммуналдық

меншіктегі ұйымдардың тізбесі

  Ұйымның атауы Іске асыру мерзімі
1. «Жаңару-2017» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2022 жыл

қараша айы

2. «Талас ауданы әкімдігінің «Таза-талас» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 2022 жыл

қазан айы

3. «Сарысу» газетінің редакциясы»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2023 жыл

мамыр айы

4. «Жасыл Ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2024 жыл

шілде айы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support