- Advertisement -

Тараздық тұрғын 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

26

- Advertisement -

33 жастағы ер адамға аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген айып тағылып отыр. Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпарат негізінде әрекет етіп, қала тұрғынын тінту кезінде «каннабис шайыры» есірткі затының 44 бумасын тауып, тәркілеген. Сонымен қатар оның үйін тексеру барысында ас үй бөлмесіндегі газ плитасының астынан есірткі заты оралған 2 бума табылды. Мұндағы есірткінің жалпы салмағы 628 грамнан асады.

Қазіргі таңда ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support