- Advertisement -

Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

67

- Advertisement -

Өңірде аса ірі мөлшерде «героин» есірткі затын саудалаумен айналысатын ұлтаралық қылмыстық топ құрықталды. Оларға қарсы ауқымды шараны облыстық прокуратура мен полиция департаменті бірлесе жүргізген. Арнайы операция барысында ұсталғандардан 1 келі 280 грамм «героин» есірткісі, сондай-ақ «гашиш» есірткі заты, «кептірілген марихуана» мен синтетикалық есірткі тәркіленген.

Бүгінгі таңда бұл дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Атап өтерлігі, қазіргі уақытта есірткі заттарының облыс аумағындағы өзге де түсу арналарын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support