- Advertisement -

Шымбұлақта тау шаңғысы маусымы қашан ашылады?

290

- Advertisement -

Шымбұлақта тау шаңғысы маусымы қашан ашылатыны белгілі болды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

«26 қараша күні биік таулы курортта қысқы маусым ресми түрде ашылады. Шымбұлақта сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері түнгі уақытта да сырғанауға болады. Демалушылар үшін ұзындығы 25 шақырым болатын түрлі қиындықтағы 14 жол қарастырылған», — делінген әкімдік хабарламасында.

Алдағы маусымда «Шымбұлақта» Almaty Extreme Games және Happy Hour Сamp фестивалін және фристайл-могул мен фристайл-акробатика бойынша Әлем кубогының-2022/23 маусымындағы финалдық кезеңін өткізу жоспарланып отырғаны айтылды.

Oi-Qaragai тау шаңғы курортында қысқы маусым 3 желтоқсанда ашылады. Жалпы ұзындығы 22 шақырымдық 20 тау шаңғысы және шана-баллон жолдары ашылады.

«Шымбұлақ және Oi-Qaragai тау шаңғы курорттары бірыңғай маусымдық абонементті шығарады. Қыс мезгілінде абонемент иесі екі курорттағы көтергіштерді шектеусіз пайдалана алады. Бұл Алматы және Алматы облысының тау курорттарын біріктірудің алғашқы кезеңі», — делінген хабарламада.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support