- Advertisement -

ҚР АШМ: күнбағыс майы өндірісі бір жылда 46%-ға өсті

54

- Advertisement -

Биылғы жылдың қыркүйегіне қарай кәсіпорындар 352,3 мың тонна шығарды.

2021 жылы 960,5 мың гектар болған күнбағыс тұқымына арналған егіс алқабы биыл 1 млн гектарға дейін ұлғайды.

Егін жинау аяқтауға жақын, бүгінгі күні фермерлер бұл дақылдың егіс алқаптарының 96% жинап, шамамен 1,2 миллион тонна күнбағыс бастырды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе көп.

Сонымен қатар, күнбағыс майын өндіру көлемі өсіп келеді. Биылғы жылдың қыркүйегіне қарай кәсіпорындар 352,3 мың тонна шығарды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 46,3%-ға артық.

Отандық күнбағыс майының бір бөлігі экспортқа шығарылады. 2022 жылдың басынан бастап шетелге 173,1 мың тонна өнім сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support