- Advertisement -

Өркенде, өрле, Қазақстаным!

438

- Advertisement -

Білімнің жинап тереңін, еңбектің біліп мәнерін,
Кемелділіктің көрсетті қалың жұртқа көлемін.
Ертеңімнің тек нұрлы боларына сенемін,
Алға басып келеді өркендеген өр елім!

Өттік талай жолдардан, тар жол тайғақ кешуден,
Қиянаттан сан рет жолымыз да кесілген.
Еркіндігім мәңгілік жасай берші, төрлетіп,
Сен бар жерде барлық іс тек оңынан шешілген.

Енді бәрі басқаша, білімге құштар толқынбыз,
Жаз да, күз де нұр төккен, сырға толы алтын күз.
Қазақ елі мың жаса, Мәңгілікке бет түзе,
Ең бастысы – Тәуелсіз, ең бастысы – Еркінбіз!

Тарихымды саралар, туды бүгін ірі күн,
Құптамайды ерекше ойлап тұрсам мұны кім?
Азапты сонау жылдардың өтеуі осы күндер ме,
Аталарым сенделген, нанға зар боп бір үзім.

Қазағымның басына қонды бүгін тура бақ,
Көк байрақты көтеріп, тұрмыз биік ту қадап.
Өтеуі ме жақсы күн кешегі қан майданда,
Жанын қиған сарбаздың «Отаным» деп уралап.

Төңірекке төгіліп, атты міне күліп таң,
Жетті осынау ғажап күн бойымдағы рухтан.
Желтоқсанда кешегі ерлігі бұл жастардың,
Мұз үстінде көңілін ақ үмітпен жылытқан.

Еске алу ауырлау кешегі өткен күндерін,
Табиғаты адалдық, түсінгенім, білгенім.
Еңбектен тапқан жемісін, бағын, барын, жеңісін,
Қазақ елі деп аталған Республикам бұл менің!

Қуантуда сәт сайын төрден елім көрініп,
Қуантуда маңайға бақыт дәні себіліп,
Қазағымның жастары мойындатты әлемді,
Бойларынан ізденіс, терең білім көрініп.

Елдің бағына туған тұлғасы да күшті адам,
Елін ойлап мінекей, алға басты іс қадам.
Бабалардың жолы да адалдықтың ақ жолы,
Ұрпақтарым жүрсін деп болашақты нұсқаған.

Республика күніне жақсы жырым шашудай,
Өр ұлдарың тұра алмас рухымызды асырмай.
Батпандайын бағы бар, жарқырап атқан таңы бар,
Менің Қазақстаным, менің елім осындай!

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support