- Advertisement -

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығын Анни Эрно алды

76

- Advertisement -

Әдебиет саласы бойынша 2022 жылғы Нобель сыйлығы француз жазушысы Анни Эрноға бұйырды. Стокгольмдегі Швед академиясы 2022 жылғы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын француз жазушысы Анни Эрноға берді. Француз жазушысы бұл сыйлықты «жеке жадының түп-тамырын, алшақтығы мен ұжымдық шектеулерін ашқан батылдығы мен өткірлігі үшін» алды. Комитет бүгінгі әлемде болып жатқан жағдай емес, әдебиет пен жұмыстың сапасы басымдық екенін атап өтті. «Эрно өз шығармаларында гендерлік, тіл және таптық тұрғыдан күшті теңсіздіктерге толы өмірді дәйекті және әртүрлі қырынан қарастырады. Оның авторлық жолы ұзақ және қиын болды», – деп жазылды Нобель комитетінің ресми сайтында.

 Анни Эрно 82 жаста, Францияның заманауи әйел жазушысы. Жазушының қазірге дейін он бестен астам кітабы жарық көрген. «Оның мекені», «Бір әйел», «Сол жылдар» атты шығармалары оқырмандар тарапынан сұранысқа ие. Эрноның ең танымал кітаптарының бірі «Оқиға» деп аталады. Өткен жылы режиссер Одри Диванның осы кітап желісімен түсірілген фильмі Венеция кинофестивалінде «Алтын арыстан» жүлдесін жеңіп алды.

Нобель сыйлығына үміткерлер қатарында «Бос шкафтар» және «Оқиға» сияқты негізінен өмірбаяндық туындылардың авторы Анни Эрно, сондай-ақ ол тізімде Стивен Кинг, Мишель Хуэлбек, Гариэль Луц, Пьер Михон, Харуки Мураками, Энн Карсон, Людмила Улицкая және Салман Рушди болды.

Биыл көп жылдан бері келе жатқан тағы екі үміткерге көңіл бөлінді. Олар жақында шабуыл жасалған британдық жазушы Салман Рушди мен орыс жазушысы Людмила Улицкая.

Швед ғалымы және өнертапқыш Альфред Нобельдің өсиетіне сәйкес, әдебиет сыйлығы осы салада «идеалистік бағыттағы ең көрнекті шығарма» жазған адамға беріледі. Лауреатты Швед академиясының 18 мүшесі таңдайды.

Әдебиет бойынша 2021 жылғы Нобель сыйлығы танзаниялық Абдулразак Гурнаға берілді.

Айта кетейік, 1901 жылдан 2021 жылға дейін осы салада 118 адам Нобель сыйлығын алды. Олардың ішінде көптеген ұлы авторлар бар. Мысалы, Морис Метерлинк, Ромен Роллан, Кнут Гамсун, Анатоль Франс, Бернард Шоу, Томас Манн, Иван Бунин, Герман Гессе, Уильям Фолкнер, Эрнест Хемингуэй, Альберт Камю, Борис Пастернак, Джон Стейнбек, Жан-Поль Сартр, Михаил Шолохов, Александр Солженицын, Габриэль Гарсиа Маркес, Уильям Голдинг, Джозеф Бродский, Гюнтер Грасс, Дорис Лессинг.

Ең жас жеңімпаз британдық жазушы Редярд Киплинг. 1907 жылы сыйлық алған кезде ол 41 жаста еді, ал ең үлкені Дорис Лессинг 2007 жылы 88 жасында Нобель сыйлығын алған.

 

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support