- Advertisement -

Қызылша қабылдау басталды

39

- Advertisement -

Апта басында аудандағы қант зауытының қызылша өнімдерін қабылдау пункті өз жұмысын бастады. Ала жаздай еңбек етіп, тәтті түбірін баптаған меркілік диқандар өнім жинау науқанына қызу кірісіп кетті.

Жалпы биыл аудан бойынша 1870 гектарға қызылша түбірі егілген болатын. Меркілік диқандар одан 45 мың тоннадан астам өнім алуды жоспарлап отыр.

Бүгінгі күні қант қызылшасын қазу жұмыстарын «Сыпатай батыр», «Жылыбұлақ-Меркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және «Дән», «Мехрали» шаруа қожалықтары бастап кеткен. Қабылдау пунктіне алғашқы болып «Сыпатай батыр» шаруашылығының қызылшасы жеткізілген. Аталған шаруашылық биыл 130 гектар алқапқа қызылша тігіп, гектарына орташа есеппен 800 центнерден өнім алуда.

Меркі қант зауыты да қызылша жинау науқанына сақадай сай отыр. Құрылғыларын сайлаған зауыт басшылығы биыл электронды таразыны қолданысқа енгізгенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, зауытта жалпы 450 адам жұмыс істейтін болса, қазіргі уақытта тағы қосымша 100 азаматты қабылдап, жұмыс күшін арттырып отыр.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support