- Advertisement -

Спорт алаңында – ақсақалдар

104

- Advertisement -

Ауданда халықаралық Қарттар күні кеңінен аталып өтті. Ең алдымен аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев 82 жастағы Төлепбек Танекеев ақсақалдың шаңырағына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат жасады.

Қарақыстақ ауылдық округінің тұрғыны, бұрынғы «Путь коммунизма» колхозында ұзақ жылдар бойы малшы болған Төлепбек ақсақал 30 немере, 12 шөберенің атасы. Табанды еңбегімен елдің қадірменді қариясына айналған ақсақал бүгінгі және кейінгі ұрпаққа өнеге екені ақиқат.

Сонымен қатар осы күні аудан орталығында спорттық-сауықтыру кешенінде «Спорт – денсаулық кепілі» ұранымен ақсақалдар арасында аудандық спартакиада өтті. Ел Президентінің бұқаралық спортты дамыту бағытындағы Жолдау талаптарын іске асыру, ардагерлер арасында саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шара кір тасын көтеру, үстел теннисі, садақ ату, қол күресі, дартс секілді 5 спорт түрінен өтті.

Спартакиаданың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев қатысып, ауданның барша қарияларын мерейлі мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға арналған күндізгі бөлімдегі жартылай стационарлық оңалту орталығына барып, ондағы қарияларға аудан әкімдігі тарапынан сыйлықтар табыс етті.

Мерекелік іс-шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, мерекенің шырайын келтірді. Зор құрметке ие болған қарттар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.

 

Мөлдір ТАСТАНБЕК,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

Т.Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support