- Advertisement -

Мотокөліктердің қатысуымен 13 жол-көлік оқиғасы орын алған

77

- Advertisement -

Бес күн бойы облыс аумағында «Мотоцикл» жедел-профилактикалық шарасы өтті. Бұл күндері 200-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, мотошлемдерді пайдалану талаптарын сақтамағаны үшін 54, маневр жасау ережелерін бұзған 14 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, мамандандырылған тұраққа 62 мотокөлік қойылды.

Шара барысында облыс бойынша 7 мас мотоцикл жүргізушісі анықталған. «Барлық көлік құралдары арнайы айыппұл тұрағына орналастырылды. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысы. Біздің басты міндетіміз – жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады», – дейді жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Ержан Мананбаев.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 8 айында мотокөліктердің қатысуымен 13 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан бір адам қаза тапқан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support