- Advertisement -

Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2022 жылдың 1-ші жартыжылдығы қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесі

168

- Advertisement -

Департаментпен 2022 жылдың өткен мерзімінде 52 нысан аудиторлық іс-шарамен қамтылды, оның ішінде: тізім бойынша – 12, жоспардан тыс – 40 заңды және жеке тұлғалардың үндеуі бойынша.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша 50 нысанда жалпы сомасы 30 529,7 млн.теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталған, оның ішінде: 3 192,5 млн.теңге қаржылық бұзушылықтар, 27 337,2 млн.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 14 109,7 млн.теңге.

Бюджетке қайтарылып қалпына келтірілуге тиіс 3 192,5 млн.теңгеден қолданылған шаралар арқылы 2 494,0 млн.теңге қайтарылып қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 78,1 пайызды құрады.

Жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша мекеме және кәсіпорын басшылары анықталған бұзушылықтар үшін 47 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, 18 әкімшілік материал салу – 6,2 млн.теңге, өндірілгені – 6,2 млн.теңге, яғни орнын толтыру 100,0 пайызды құрады.

Жүргізілген аудит материалдарының жалпы сомасы 905,6 млн.теңгені құрайтын 6 материал құқық қорғау органдарына берілді.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде камералдық бақылаумен 357 292,3 млн.теңге сомасына 15290 мемлекеттік сатып алу қамтылды, бұл қарауға жататын 15554 мемлекеттік сатып алу санының 98,3% — ын құрайды, оның ішінде 74 169,1 млн. теңге сомасына 2595 мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтар анықталды, бұл қаралған мемлекеттік сатып алудың жалпы санының 17% — ын құрайды.

Департаментке тек мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы 2022 жылдың бүгінгі күніне дейін заңды және жеке тұлғалардан 795 өтініш келіп түсті, оның ішінде 384 өтініш қанағаттандырылды, 308 өтініш қанағаттандырудан бас тартылды, 43 өтініш департамент қызметкерлерімен қарастырылуда.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 2595 хабарлама жіберілді, оның ішінде 2559 хабарлама орындалды, бұл жіберілген хабарламалардың жалпы санының 98,6% — ын құрайды.

Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды уақтылы немесе тиісінше орындамағаны үшін Жамбыл облысының тапсырыс берушілері мен ұйымдастырушыларының лауазымды тұлғаларына қатысты 35 әкімшілік іс қозғалды, олар қарау және шешім қабылдау үшін сот органдарына берілді.

 

 Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support