- Advertisement -

Тілге құрмет – елге құрмет

66

- Advertisement -

Тіл – ұлт айнасы. Осы ретте халқымыздың алтын қазығы – мемлекеттік тілді ұлықтау, оған құрмет көрсету мақсатында облыстық «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігі Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйімен бірлесіп «Тіл – ұлттың жандүниесі» атты фестиваль өткізді.

Еліміздегі тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және бәсекеге қабілетті жастарды қолдау, «этносаралық және конфессияаралық келісім» тобындағы «Бейбітшілік пен келісім» жобасын қолдау мақсатында өткен шараға қатысушылар асқан белсенділік танытты.

Ең әуелі этномәдени бірлестіктердің мерекелік концерттік бағдарламасы бойынша «Бір шаңырақ астында» атты қойылым сахналанды. Келесі кезекте «Әдемі-ау» халықтық би ансамблінің орындауында «Домбыра», тау халықтарының «Лезгинка» билері, «Сударушка» халықтық-фольклорлық ансамблінің орындауында Н.Есембаевтың «Сәлем» әні, сондай-ақ неміс, татар этномәдени орталықтарының орындауында халықтық билері көрермен назарына ұсынылды.

 

 «Aq jol»-Aqparat».

Т.Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support