Тараз қаласының әкімі жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесті

32

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесті. Басқосуда шаһар басшысы Таразды түлету бағытында атқарылатын жұмыстар жайын жіпке тізді.

Жиында Бақытжан Орынбеков қала тұрғындары мен олардың талап-тілегі басты орында екенін атап өтті. Әкімдіктің жұмысы жол жөндеу, жарықтандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, қоғамдық көлік санын арттыру сынды мәселелерге бағытталады, — деді.

Қазіргі уақытта алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары — басты назарда екенін жеткізді.

Сондай-ақ, облыс орталығының жасыл белдеуін дамыту бағытында да бірқатар істер атқарылмақ. Жиында журналистер қала аумағын абаттандыру мәселесін көтерді. Шаһар басшысы бүгінгі таңда қаланы дамыту жоспары түзілгенін атап өтті. Енді жоспарды жүйелі орындау арқылы тұрғындардың өмір сапасын жақсарту көзделіп отыр.

Кездесу барысында Бақытжан Орынбеков имидждік жобаларға бөлінетін қаражат бұдан былай қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, қордаланған мәселелерді шешуге жұмсалатынын жеткізді.

Жиын соңында қала басшысы БАҚ өкілдерінің сыни материалдары тұрғындардың талап-тілегін тыңдауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Басқосуда тілшілер тарапынан көтерілген әрбір сұрақ тыңдалып, оларға тиісті жауаптар берілді.

Сондай-ақ, Бақытжан Әмірбекұлы журналистерді игі бастамаларға қолдау білдіріп, шаһар келбетін жақсартуға үлес қосуға шақырды. Облыс орталығын абаттандырудың алғашқы қадамы ретінде БАҚ өкілдерін сенбілікке шақырды.

Шаһар басшысы жергілікті журналистерге тоқсан сайын кездесулер ұйымдастыру туралы ұсыныс білдірді. Өз кезегінде БАҚ өкілдері бұл бастаманы бірауыздан қолдады.

Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.