- Advertisement -

Жамбылдық өнерпаздар жарап тұр

258

- Advertisement -

Халықаралық «Хабар» телеарнасы ұйымдастырып жатқан жаңа ұлттық тележобаларға облысымыздың құрама командалары да қатысып, сәтті өнер көрсетуде. Әуелі «Жеті қазына» ұлттық жобасы бойынша жеті ұлттық өнерді серік етіп барған жеті өнерпаздан құралған командамыз алғашқы қарсыластарын ұтып, келесі кезеңге өтті. Олардың ішінде күйші Дидар Басықараев, айтыскер Мұхтар Қонарбаев, әнші Алмас Қырғызәлиев, Айгүл Есекеева сәтті өнерлерімен көзге түсіп, тележобада тамаша өнер көрсеткені – жамбылдықтар үшін зор мақтаныш.

Cондай-ақ республикалық телеайтыста жамбылдық құрама сәтті өнер көрсетіп жатыр. Бұл жобаның талабы бойынша әр облыстан үш айтыскер шығады. Жамбылдық құрама сапында республикалық айтыстардың бірнеше дүркін бас жүлдегері Қанат Мырзахан, республикалық айтыстарда топтан озып жүлде алып жүрген Дархан Әбдіманат пен Айтбек Тұрсынбай бар екенін айта кеткеніміз жөн.

Қазылар алқасын ақын, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман басқаруда. Сондықтан да, бұл жобаның жүгі жеңіл емес. Жамбылдық айтыскерлер құрамасы әуелі Жетісу облысының құрамасын 3:0 есебімен ұтып, мерейімізді өсірген еді. Олар ширек финалда да ширақ айтысып, Түркістан құрамасынан 2:1 есебімен басым түсті. Енді жамбылдық жерлестеріміз алдағы күндерде жартылай финалда өнер көрсетеді. Жартылай финалда сәтті өнер көрсетсе, жүлденің тұғырынан да көрініп қалатыны анық.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support