- Advertisement -

Яровенко мен Байшақовқа арналды

39

- Advertisement -

Талас аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің, «Фосфорит-Шәріп» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Сеул олимпиадасының чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Евгений Яровенконың және футбол ардагері, КСРО- ның спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы Сейілда Байшақовтың жүлдесіне арналған футболдан 2010-2011 сонымен қатар 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.

Қазақ футболының тарихында өзіндік із қалдырған даңқты спортшылардың атындағы бәсеке қаладағы орталық стадион мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің үлкен футбол алаңында қатар өтті. Бес күнге созылған турнирге Шымкент футбол мектебінің шәкірттері және Тараз, Талас ауданының Қаратау қаласы, Байзақ, Талас, Жамбыл ауданы командалары өзара мықтыны анықтады. Үздік футболшылардан үлгі алып, шеберлігін шыңдап жүрген жас аяқдопшылар арасында шын мықтыны анықтау оңайға түскен жоқ. Десе де, айналма жүйесі бойынша өткен жарыс қорытындысы бойынша жерлестеріміздің жеңіске деген құлшынысы жанкүйерлерді тәнті етпей қоймады.

Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек қолдау білдіріп, үлкен үлесін қосты. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне спорт ардагерлері Сейілда Икрамұлы, Анатолий Бельский, Бақыт Сарыбаев, Дүйсен Бөлегенов, Қанат Шыныбеков және қала әкімі Дархан Баймбетов арнайы келіп, болашағынан үміт күттіретін шәкірттерге жылы лебізін білдірді.

Евгений Яровенко атындағы турнирде 1-орынды №5 ОМБЖСМ (Тараз қаласы), 2-орынды Жамбыл ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері иеленсе, үздік үштікті Талас ауданындағы №32 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің аяқдопшылары түйіндеді.

Ал Сейілда Байшақовтың жүлдесіне арналған жарыстың жеңімпазы болып қаратаулық «Лион» командасы танылса, 2-орынға шымкенттік №17 ОМБЖСМ-нің жас аяқдопшылары тұрақтады. 3-орын тараздық «Энергетик» командасына бұйырды.

Сонымен қатар турнирдің жабылу салтанатында үздік жас футболшылардың есімдері аталып, түрлі аталымдар бойынша арнайы сыйлықтар табыс етілді. Мұндай турнирлер тұрақты өтіп тұрса, балғын футболшылардың шыңдалуына, жаңа таланттарды анықтауға септігін тигізері анық. Оны аталған іс-шараға жиналған футбол мамандары да айтып, аталған аудан әкімдігіне ризашылықтарын білдірді.

 

Нарбол ҚАШАҒАН,

журналист.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support