- Advertisement -

Таразда «ALINA GROUP» жаңа зауыты ашылды

57

- Advertisement -

Орталық Азиядағы алғашқы заманауи автоматтандырылған, тіл-ойық тақталар (ТОТ) шығаратын зауыт іске қосылды. Тараз қаласында салынған «Alina Group» жаңа зауыты жылына 380000 текшеметр ТОТ шығаруға қауқарлы. Жобаға 3,5 миллиард теңге инвестиция салынды.

Зауыттың ресми ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров қатысты. «Бұл құрылыс индустриясындағы өте тамаша жоба. Біз үйреншікті материалдар мен құрылыс әдістерінен біртіндеп алшақтайтын боламыз. Жамбыл өңірінде өнеркәсіп өндірісі мен инвестициялардың көлемі бұрынғыдан артып келеді. Біз бұл жобаны индустриялық- инвестициялық бағдарлама аясында жүргіздік. Ешқандай іркілістер болған жоқ. Оны іске асырып жатқандарға сәттілік тілеймін», – деді Нұржан Сәбитұлы.

– ТОТ өндірісі – бұл Қазақстан үшін құрылыстың жаңа технологиясы, ол үй-жайлар ішіндегі арақабырғаларда қолданылатын дәстүрлі материалдарды алмастырады. «Қазақстандық ТОТ өндірісін іске қосу арқылы біз «AlinEX» ұсынған жоғары сапалы кәсіби шешімдерді енгізу дәстүрін жалғастырғымыз келеді, – дейді «Alina Group» маркетинг директоры Елена Карикова, – 90 жылдардың соңында «AlinEX» «еурожөндеу» ұғымын әрбір қазақстандыққа қолжетімді еткен болса, бүгін біз құрылыс саласына жаңа түсінік енгізуді бастаймыз. Алдағы екі жылда Тараз Қазақстанның оңтүстігін және көршілес Орталық Азия елдерін (Қырғыз, Өзбекстан, Тәжікстан және басқалар) кәсіби құрылыс-әрлеу материалдарымен қамтамасыз ететін тағы бір үлкен заманауи алаңға айналады деп жоспарлап отырмыз».

Жаңа өндірістің әлеуеті аймақтағы Қазақстанда жасалған кәсіби құрылыс-әрлеу материалдары мен бөлме аралық арақабырғаларға сұранысты қамтамасыз ететін болады. ТОТ өндіретін зауыттың іске қосылуы «Alina Group» ірі логистикалық орталығын салудың бірінші кезеңі болды. 2023 жылы қазір бар өндіріске «Alina Group»- тың жаңа жаһандық жобасы – қуаттылығы жылына 780 000 тонна құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын Тараз қаласындағы Құрғақ Құрылыс Қоспалары зауыты қосылады деп жоспарлануда.

 

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support