- Advertisement -

Тұрғындардың талап-тілегі ескерілді

43

- Advertisement -

Қала әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаил шаһар тұрғындарымен кездесті. Кезекті жүздесуге №5 аумақтық округінің тұрғындары қатысып, өздерінің ұсыныс-тілектерін жеткізді. Басқосуда алдымен қала әкімінің бас инспекторы Жуаныш Жарықбасов окургтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және инженерлік инфрақұрылыммен қамтылуы жөнінде баяндап, биылғы жоспарларды мәлімдеді.

– Жалпы №5 округ аумағында тұрғындар саны 44 069 адамды құрайды. Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында №5 аумақтық округ бойынша 13 көппәтерлі тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтті. «Таразға тарту» бағдарламасы аясында 10 аллея салынды. Ағымдағы жылы «Аса» мөлтек аудандағы 19 үйдің маңындағы кіші-футбол алаңшасы жөндеуден өткізіледі. №27, №32 тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады, – деді Жуаныш Қалықбергенұлы.

Кездесуде тұрғындар тарапынан жарық, су және ауланың тазағылығы мәселелері көтеріліп, оларға нақты жауап берілді. Жиын соңында Қайрат Әбілханұлы әрбір тұрғынның талабы ескеріліп, күрделігіне байланысты орта және ұзақ мерзімде қаралатынын жеткізді.

 

Есен САҒЫНАЙҰЛЫ

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support