- Advertisement -

Төмен көрсеткіштер бойынша тиісті жауаптар алынды

46

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңес отырысында кірістерді қалыптастыру мәселесі қаралды.

Басқосуда 2022-2023 жылдарға арналған жергілікті бюджет кірістерін ұлғайту, қосымша резервтерді қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жоспарының орындалу барысы талқыланды.

Жиында әуелі ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Уәлихан Әлібеков ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша бюджеттің кірістері туралы баяндады. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың алты айының қорытындысына сәйкес рейтингтік көрсеткіштерді жүргізу кезінде Жамбыл облысы республикадағы өңірлер арасында жалпы 77,44 балмен екінші орынға тұрақтаған. Сонымен қатар мемлекеттік бюджет жоспарының орындалуы 117,6 пайызды, республикалық бюджет 102,6 пайызды, ал жергілікті бюджет жоспарының орындалуы 126,6 пайызды құрап, барлығында артық түсімге қол жеткізілген.

Уәлихан Әлібеков аталған іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарында қаралған 52-тармақшаның алтауы бойынша көзделген іс-шаралар орындалмай отырғандығын айтып, оларға жан-жақты тоқталды.

Басқосуда облыс әкімі қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Батырхан Әкектің ауылдық округ әкімдері бюджеттерінің кірістер бойынша 2022 жылдың қаңтар-шілде айларындағы орындалуы туралы есебі де тыңдалды.

Бұдан соң өңір басшысы төмен көрсеткіштер бойынша тиісті тұлғалардан жауаптар алып, нақты тапсырмалар жүктеді.

– Кірістер бойынша бекітілген іс- шаралар жоспарлы орындалуы қажет. Алдағы тоғыз айдың қорытындысымен бұл мәселені тағы да жан-жақты қарастырамыз. Барлық жоспар толығымен орындалуы тиіс. Тиісті мерзімде ақпаратты ұсынып отыру маңызды. Салық базасын ұлғайту бойынша жұмыстар жалғасуы керек, – деді Нұржан Нұржігітов.

Жиында жауапты мамандар кірісті арттыру бойынша бірінші жартыжылдықта іске асқан шаруалар екінші тоқсанда жемісін беретінін айтты.

 

Сәндібек ПІРЕНОВ

 

 

 

 

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support