- Advertisement -

Ауыл мерекесіне айналған фестиваль

59

- Advertisement -

БАЙЗАҚ АУДАНЫ

Шахан ауылында «Қымыз, шұбат – деніміздің саулығы, еліміздің байлығы» атты фестиваль өтті. Бұл шара көнеден келе жатқан қасиетті сусындарды паш етудің мерекесі ретінде аталды.

Ауыл мерекесіне құлынды биесін жетектеп келген Сарыбарақ ауылының тұрғыны Дания Ордабаева бие сауу тәсілін көрсетіп, жиналғандарға саумалдан дәм татқызды. Ауыл әжелерінің жүн түтіп, ұршық үйірудің қыр-сырын көрсетуі де фестивальдің маңызын аша түсті. Ал ауыл азаматы Серғазы Тұрсынқұлұлы бабаларынан бері әлі күнге сақталып, кәдеге жарап тұрған үш аяқты ошақты елге көрсетіп, оның тарихын баяндады. «Қымыз, шұбат – ақтың төресі» деп кесе толы сусындарды қонақтарға ұсынған ауыл келіндері үлкендердің батасын алып, мерейлері тасыды.

Жүрсінгүл ЖАҚЫП.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support