- Advertisement -

Каналдарды қалпына келтіру – өзекті

79

- Advertisement -

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ

Аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан ауылындағы «SV AGRO» ЖШС-ның алма бағын, Жақсылық ауылындағы «Алтын-Тау» шаруа қожалығының қант қызылшасын, Көкдөнендегі «Бақ-Дәулеттің» қант қызылшасы мен дәндік жүгері алқабын, сондай-ақ Көкдөнен, Көгершін елді мекендеріндегі каналдарды көріп, жағдайымен танысты.

Жалпы аудандағы 18 каналдың тозығы жетуіне байланысты олардың 6320 гектар суармалы алқаптың 2320 гектарына ғана су беру мүмкіндігі бар. Аудан диқандары биыл 380 гектар қант қызылшасын, 274 гектар дәндік жүгері, 1796 гектарға күнбағыс, 560 гектарға картоп, 522 гектар көкөніс және 174 гектарға бақша дақылдарын еккен. Яғни аудан аумағында суармалы жердің 37 пайызы ғана игеріліп отыр. Сондықтан бүгінде суармалы жердің көлемін ұлғайтып, су каналдарын қалпына келтіру мәселесі өзекті болып тұр.

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support