- Advertisement -

E-gov Mobile қосымшасына кіру биометрия арқылы қолжетімді

47

- Advertisement -

Енді eGov mobile қосымшасында авторизациядан өту оңайырақ болды. Ол үшін Digital ID бейне идентификациясынан өтіп, ЭЦҚ кілттерін алу керек. Айта кету керек, бұрын қосымшаға кіру қысқа SMS коды немесе ЭЦҚ кілттері арқылы жүзеге асырылды. Енді кіру тек биометрия арқылы жүзеге асырылатын болады.

EGov Mobile қосымшасында биометрияны пайдалану мынадай мүмкіндіктер береді:

  • қосымша функционалды мүмкіндіктер, оның ішінде Face ID, саусақ ізі немесе қысқа код арқылы қосымшаға кейіннен кіру (смартфонға және ондағы параметрлерге байланысты);
  • Push-хабарламаларды алу мүмкіндігі;
  • E-otinish платформасы арқылы сұраныстарды жіберу және т.б.;
  • мемлекеттік қызмет көрсету тарихында, егер процесті аяқтауға уақыт болмаса, қызметті алуды жалғастыру мүмкін болады;
  • жеке деректерді неғұрлым сенімді қорғау.

«Бұрын бізге пайдаланушылардан авторизациялау кезінде бір реттік SMS-парольден бас тарту біршама қолайсыздықтарға әкеліп соғатыны туралы шағымдар келіп түсетін, олар биометрия рәсімінен өткісі келмейді. Бірақ шын мәнінде Digital ID қазақстандықтарға бір реттік парольден гөрі қызметтерді алу мүмкіндігін береді. Енді биометрияны қолдану арқылы авторизациялау процесі әлдеқайда жеңіл және жылдам болды. Біз әрқашан қазақстандықтардың жеке деректерінің қауіпсіздігіне мән береміз және бұл ретте авторизацияның осы түрінің артықшылықтары көп», – деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Сәтті авторизациядан өту және ЭЦҚ кілттерін жасағаннан кейін қосымшаға келесіде Face ID, Touch ID (саусақ ізі) және/ немесе қысқа код арқылы жүзеге асырылады.

Айта кетейік, бүгінгі күні eGov mobile мобильді қосымшасында 400- ге жуық eGov.kz порталының мемлекеттік қызметі мен жеке тұлғаларға арналған электрондық лицензия қызметтері қолжетімді. Ай сайын шамамен 2,4 миллион қазақстандық eGov mobile қосымшасын белсенді қолданады.

Пайдаланушылар арасында «Цифрлық құжаттар» сервисінде 18 құжат бар. Бүгінде цифрлық құжаттарды мына жағдайларда қолдануға болады:

  • ішкі рейстерге арналған елдің әуежайларында;
  • теміржол вокзалдарында вагондарға отырғызу және «ҚТЖ» АҚ билеттерін сатып алу кезінде;
  • «Отбасы банк» АҚ және «БЖЗҚ» АҚ филиалдарында;
  • Beeline ұялы байланыс операторының бөлімшелерінде;
  • екінші деңгейлі банктерде (Kaspi.kz, Halyk Bank қызметтерін алу кезінде);
  • «Freedom finance» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ кеңселерінде;
  • «Қазпошта» АҚ пошталық сәлемдемелерді қабылдау және жөнелту, кассалық операцияларды қолдану кезінде;
  • халыққа қызмет көрсету орталықтарында (көші-қон қызметін қоспағанда) мемлекеттік қызметтерді алу кезінде;

Валюта айырбастау пункттері мен нотариустарда пайдалануға болады.

Шалқар ЕЛЕМЕС,

Тараз қаласы бойынша №1 халыққа

қызмет көрсету бөлімінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support