- Advertisement -

Айтыскерлер аяқдопта да айбынды

67

- Advertisement -

Тараз қаласында облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдығына және Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналып «Ақынға керек көп ойлау, артық та етпес доп ойнау» атты футболдан дәстүрлі турнир өтті. Оған Қырғыз елінен және Ақмола, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан айтыскерлерден құралған командалар қатысты. Әуелі Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында жиын өтті.

Бұл жиында «Aulieata Media» ЖШС бас директоры Оралхан Дәуіт, айтыс ақындары мен термешілерінің халықаралық одағы Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ахметжан Өзбеков, үш дүркін «Алтын домбыра» айтысының жеңімпазы Мұхтар Ниязов, республикалық айтыстардың жеңімпазы Нұрлан Мұсаев сөз сөйлеп, қырғыз құрамасын бастап келген Мүндызбек ақын да жүрекжарды лебізін білдірді. Мұнан соң Бексұлтан, Элдияр атты манасшылар жырларын төксе, біздің айтыскерлер де қарап қалмады. Есет Жаңабайұлы арнау жырдан шашу шашса, Дидар Басықараев күмбірлетіп күй тартып, көпшілікті таңдандырды.

Мұнан соң турнирдің ойындары басталып кетті. Маңғыстаулық құрамада Нұрлан Мұсаев және Мағжан Жұмабаев, Ердәулет Сардар, Жанболат Әлиев секілді жас айтыскерлер өнер көрсетсе, қызылордалық құрама сапында Мұхтар Ниязов, Нұрмат Мансұров, Ержеңіс Әбдиев және Бекжан Ержігіт, Ізбасқан Дәулетхан секілді жастар да өнер көрсетті. Нұр-Сұлтан қаласынан келген командада Еркебұлан Қайназар, Аян Ниязбек, Мұхтар Қонарбаев бастаған айтыскерлер ойнады. Ал жамбылдық негізгі құрамада Әсет Дүйсебаев, Нұрлыбек Құрманов, Қайрат Анарбаев, Дидар Басықараев, Дидар Апбасов, Бағлан Қамбатыров, Нұржан Манатбек бастаған шын мықтылар тер төкті. Жамбылдық екінші құрама сапында Алик Бекмұсаев, Бақытбек Жұмабеков секілді айтыскерлер де алаңға шықты. Турнирдің сәтті өтуіне айтыскер Нұрлыбек Құрманов жақсы үлес қосты.

Аса тартысты өткен ойында бірінші орын Маңғыстау облысынан келген «Жыр-жебе» командасына бұйырды. Ал екінші орынды «Тараз-1» командасы еншілесе, үздік үштікті Қызылорда облысынан келген «Ақ мешіт» командасы түйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай, «Aulieata Media» ЖШС бас директоры Оралхан Дәуіт, айтыс ақындары мен термешілердің халықаралық одағы Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ахметжан Өзбеков марапаттап, медаль мен дипломдар табыс етті. Сонымен қатар «Aulieata Media» ЖШС тарапынан тағайындалған ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

 

Есет Досалы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support