- Advertisement -

Рухымыз аласармасын

66

- Advertisement -

Әлдихан Қалдыбаев,
жазушы.

Уақыт кемесі алға жылжыған сайын біз туған елдің, туған жердің құдіретін, қасиетін бұрынғыдан да терең түсінеміз, түйсінеміз. Мен облыстың құрдасы екенмін. Қойнауы қарт тарихқа толы сайын дала төсінде дүниеге келгенімді әрқашан мақтан тұтамын.
Сан дәуірлер соқтығысында, қақтығысында аман қалып, Ұлы тәуелсіздік жылдары жаңарып, жасарып жатқан облыстың өсіп-өркендеуіне бәріміз мүдделіміз. Жарқын бастамаларға атсалысуымыз керек.
Біздің өлкеміз әдебиетке де, мәдениетке де бай жер. Екі мың жылдан астам тарихы бар өңірдің бағасын төмендетпеуіміз қажет. Ұлы тұлғалар ат басын бұрған, талай қаламгерлердің шығармасы жазылған, талай батырлардың ізі қалған туған елімізге Алла бақ берсін.
Барлық жерлестерімді тарихы менің ғұмыр жолыммен сабақтас облысымыздың мерейлі жетпіс бес жылдық тойымен құттықтаймын. Өсудің, өркендеудің жолынан айнымайық. Рухымыз аласармасын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support