- Advertisement -

Туризм саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызмет

50

- Advertisement -

Облыс әкімдігінің туризм басқармасы туроператорлық қызметпен (туроператорлық қызмет) айналысу құқығына лицензияның 1 түрін береді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: Электрондық нұсқада жүреді.
Мемлекеттік қызмет көрсету «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz сілтемесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға жүгінген сәттен бастап:
— 6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі;
— Лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Туроператорлық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
1. Лицензия алу үшін жеке немесе заңды тұлғаның өтініші қабылданады;
2. Қалыптасқан туристік өнімнің болуы тиіс;
3. Кемінде бір жыл жұмыс өтілі және туристік білімі бар қызметкердің болуы тиіс;
4. Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде кеңсеге арналған үй-жай болуы тиіс;
5. Лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесін тапсыру керек.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support