- Advertisement -

Жас оқырмандар – «Аq jol» редакциясында

164

- Advertisement -

Тасқа басылған жүз жылдық тарихы бар «Аq jol» газетінің оқырмандар арасында қашанда бағасы биік. Өмірін журналистикамен байланыстырғысы келетін жас түлектердің де келіп, өздеріне жақсы әсер алатын жері де – осы редакция. Басылымның жүз жылдық тарихымен танысқысы келетін мекеме, ұйым, кәсіпорындар аз емес. Олардың бірқатары редакцияға арнайы келіп те жатыр.

Сондай мекеменің бірі –Дінмұхамед Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы. Аталған кітапхананың қызметкерлері мен жас оқырмандары облыстық «Aq jol» газетінің редакциясында болып, ғасыр жасаған басылымның тағылымынан сыр түйді. Бұл жас оқырмандар Тараздағы Гүлшат Қожатаева басқаратын №32 орта мектептің 7-сынып оқушылары екен. Жеткіншектерді сынып жетекшісі Динара Рахманбердиева бастап келді. Аталған орта мектептен Дина Қартабай, Санжар Әмірбек секілді ұстаздар да іс-шараға үлес қосты. Әуелі газеттің бас редакторы Хамит Есаман жас оқырмандарға басылымның таусылмас тарихын және бүгінгі жаңашыл барысын түсіндіріп өтті.
«Өздеріңіз білетіндей, бұл газетте қаншама тұлғаларымыз бен заңғарларымыз еңбек етті. Баттал Жаңабайұлы, Арғынбай Бекбосын бастаған қайраткерлер тер төкті. Қазіргі таңда шолушы Ақылжан Мамыт, аға тілшілер Амангелді Әбіл, Марат Құлибаев, беттеуші Оразкүл Әбдікерімова, корректор Саят Әлімжанова бастаған тәжірибелі мамандар және жас буын тарихи басылымда сапалы еңбек етуде. Мақала жазуға талапты студенттер мен оқушыларға есігіміз ашық», – деді. Аталған кітапхана қызметкерлері Мира Расулова мен Анар Дүйсенованың да жоспарлы түрде жасалған дайындықтары бар екен. Олар редакциядағы белді журналистерге бірқатар сұрақтар қойып, іс-шараны қызықтырды. Ол сұрақтарға «ақжолдық» майталман маман, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Амангелді Әбіл, жауапты хатшы Тұрсынбек Сұлтанбеков жан-жақты жауап берді. А.Әбіл мақала жазуды 4-сыныптан қолға алғанын айтса, Т.Сұлтанбеков 17 жасында аудандық газет редакциясында еңбек жолын бастап кеткенін әсерлі әңгімеледі.
Кездесуде оқушылар Тоғжан Пірімқұл, Нұрмұхамед Болысбай сөйлеп, болашақта журналист болғысы келетіндерін айтты. Әйгерім Нысан, Бексұлтан Файзин, Рамазан Дүйсенбек секілді оқушылардың да кездесуден алған әсері ерекше болды. Кітапханашы Мира Расулова, аталған мектеп мұғалімі Динара Рахымбердиева өздерінің пайымды пікірлерімен бөлісті. Іс-шараны бас редактор Хамит Есаман қорытындылап, келген қонақтарға алғысын білдірді.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support