- Advertisement -

Тараздық келіншек түзеу мекемесіне трамадол мен ұялы телефон алып кірмекші болған

67

- Advertisement -

Жамбылда жас келіншек түзеу мекемесіне тыйым трамадол мен ұялы телефон алып кірмекші болған. Оқиға ерекше режимдегі ЖД-158/7 мекемесінде орын алды. Мекеменің жедел және режим бөлімінің қызметкерлері алдын ала жедел ақпаратқа сәйкес, ҚР ҚК-нің 191 бабы 2 тармағы бойынша сотты болған 57 жастағы азаматқа қысқамерзімді кездесуге келген С есімді азаматшаны тексеру барысында күдікті заттар тәркіледі.

Атап айтқанда, келіншекті жіті тінту барысында оның іш киімінің ішінен яғни жаялық арасынан ақ түсті таблеткалар, қара қоңыр түсті спецификалық иісі бар күдікті затпен «Самсунг» маркалы ұялы телефон табылды.

Қазіргі таңда тәркіленген заттарды анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды. Сондай-ақ заңды бұзған азаматшаны жазаға тарту үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support